Батыс Қазақстан АЭЖК ЖШС-нің
электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметінің
2023 жылғы жылдық есебітуралы ақпарат
І. Табиғи монополиялар субъектісі туралы жалпы ақпарат
“Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2020 жылдың 27 қазанында құрылды, Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2021 жылғы 13 мамырдағы №88 қаулысымен 4 913 927 831 (төрт миллиард тоғыз жүз он үш миллион тоғыз жүз жиырма жеті мың сегіз отыз бір) теңге тұратын коммуналдық меншіктегі мүлік «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-на жарғылық капиталын ұлғайту үшін берілді.
«Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС желілер бойынша электр энергиясын беру және тасымалдау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектісі ретінде Мемлекеттік тіркелімде тіркелген.
«ҚР ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу агенттігі Комитетінің БҚО бойынша департаменті» ММ-нің 2023.11.24-гі №85-ОД бұйрығымен, енгізілген түзетулерді қоса, «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-нің қолданыстағы тарифтік сметасы бекітілген.
2023 жылғы 1-ші қаңтардан бастап 19 тамызға дейін электр энергиясын беру және тасымалдау қызметіне тариф 1кВт сағат үшін 6,64 теңгені құрады (ҚҚС-сыз).
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясының көтерме сауда нарығы енгізілуіне байланысты «Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы» ЖШС «KEGOC» АҚ ұлттық электр желісін (ҰЭЖ) пайдалану қызметтерін және «КОРЭМ» АҚ жүйелік операторымен электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру және аудан (қалада) бойынша экономикалық қызмет түрлерін бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының өзгеруіне сәйкес жылдың статистикасы бойынша 2023 жылғы 20 тамызынан бастап тариф төтенше реттеу шарасы ретінде 7,57 теңгеге дейін көтерілді.
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
- 16 АЭТ (аудандық электр тораптары)
- ҚЭТ (қалалық электр торабы)
- бөлімдер мен қызметтер.
Электр беру желісінің трасса/тізбек бойынша жалпы ұзындығы – барлығы 20 531 км/20 745 км. Бүгінгі күні электр беру желілерінің тозуы – 82% құрайды, ҚС (қосалқы станция), ЖТҚС (жинақты трансформаторлық қосалқы станция), ТП (тарату пункті), ТҚС (трансформаторлы қосалқы станция) орташа тозуы - 92,2%, электр беру желілері – 72,3% тозған.
Жоғарыда көрсетілген электр беру желілеріне күтім көрсету үшін жүргізілген нормативтік санның есептеулеріне сәйкес қызметкерлердің нормативтік саны – 2092 адамды құрайды, алайда 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС қызметкерлерінің нақты саны - 1456 человек, бұл нормативтік санның 70% құрайды.
2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы
Мекеме 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарлама жасақтады және бекітті, өз қаражаты есебінен (аммортизациялық аударымдар) – 534,0 млн.теңге, электр желілерін жаңғырту және негізгі құралдарды жаңартуды қарастырған шаралар бойынша нақты орындалғаны – 496,6 млн,теңгені құрады.
1. Орал қаласы және аудандар бойынша 10кВ-ӘЖ әуе желісіне - 49,8 млн.теңгеге, Орал қаласы және аудандар бойынша 0,4кВ-ӘЖ әуе желісіне 108,9 млн.теңгеге, Орал қаласы бойынша 10кВ-КЖ және 0,4кВ-КЖ кабелдік желісіне 59,5 млн.теңге сомасында қайта құру жүргізілді, бұл көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және техникалық ысыраптар мен пайдалану шығындарын азайтуға әкелді;
2. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін ұлғайту үшін түрлі кернеудегі қосалқы станциялар жаңғыртылды:
110/10кВ, Центральная", «Землячка» 110кВ Б және ҚТ-ды 6 дана электргазды ажыратқыштарға – млн.теңгеге ауыстырылды; сондай-ақ, 35-ПСН 35кВ вакуумды реклоузерге және майлы ажыратқыштар вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылды.
3. 15,4 млн. теңгеге НТМИ-10кВ, және ЗНОМ-35У1 ЗНОЛП, ТОЛ, ТМГ трансформаторлар сатып алынды.
4. 69,1 млн. теңгеге 1 дана БКМ-317 бұрғылау-кранды машина сатып алынды. Қаратөбе АЭТ-да әкімшілік ғимарат салынды және негізгі тқұралдар алынды.
Инвестициялық бағдарламалар бойынша жоспарланған шаралар 100% орындалды.
3. Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы
Тарифтік сметада реттелетін қызметтер бойынша қызметтерді көрсетудің юбарлық шығындары - 5 977,1 млн. теңге, ал нақты шығындар 6 380,3 млн.теңге қарастырылған, бұл тарифтік сметада бекітілген шығындардан 6,7%-ға артық.
Баптар бойынша нақты шығындар негізінен тарифтік сметаның шегінде 5%-дан аз ауытқулармен жасалды, алайда 5%-дан астамды құрайтын кейбір ауытқу баптары бар.
«Әкімшілік персоналға төленетін әлеуметтік салықтар мен әлеуметтік аударымдар» бабы бойынша: - 5,0 млн.теңгеге немесе персоналды қысқартуға байланысты бекітілген шығындардың 33%-ына, сондай-ақ «Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған электр энергиясы» бабы бойынша шығындардың төмендеуі - 28,0 млн.теңге немесе 21% үнемдеу қосалқы станцияларды жаңғырту бойынша жұмыстардың жүргізілуіне (тиімді әдістер мен технологияларды қолдану), атап айтқанда, майлы ажыратқыштарды вакуумдық ажыратқыштарға ауыстыруға байланысты болды. «КОРЭМ» АҚ жүйелік операторымен электр энергиясын тұтынуды теңгерімдеуді және өндіруді ұйымдастыру» бабы бойынша шығындардың төмендеуі -106,0 млн.теңгені құрады. Сонымен бірге, «Нормативтік-техникалық шығындарды өтеуге арналған өтемақы шығындары» бабы бойынша электр энергиясы тарифінің айырмашылығына байланысты 15 млн.теңгеге асып кеткен, себебі нормативті ысыраптар үшін электр энергиясын сатып алудың орташа бекітілген тарифі 2023 жылдың қорытындысы юойынша 1 кВт/сағ үшін 9,91 теңгені (ҚҚС-сыз), ал нақты тариф 1 кВт/сағ үшін 13,24 теңгені құрады (ҚҚС-сыз).
Сонымен бірге «КОРЭМ» АҚ жүйелік операторымен электр энергиясын тұтынуды теңгерімдеуді және өндіруді ұйымдастыру» бабы бойынша жалпы үнемдеу нақты ысыраптардың 176 651, 88 мыңнан 169 124,16 мыңға, 7 258 мың кВт/сағ. төмендеуіне байланысты, ысыраптарды азайту бойынша жүргізілген ұйымдастырушылық және техникалық шаралар нәтижесінде осы қызметке шығындар төмендеді.
Жоғарыда көрсетілген баптардан алынған үнемдеу нәтижесінде «Шикі заттар мен материалдар» бабы бойынша электротехникалық материалдар, ЖЖМ сатып алынды және күрделі жөндеу мен басқа шығындарға жұмсалды.
«Аммортизация» бабы бойынша инвестициялық бағдарламада бекітілген шаралар 100% игерілді, бұдан басқа негізгі құралдар қосымша алынды (3 дана вакуумды ажыратқыштар, «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-нан автокөліктер мен арнайы техника сатып алынды, 35кВ-ӘЖ-де қайта құру жүргізілді.
Жоғарыда көрсетілген факторларды есепке алсақ, 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС негізі қызметтен 436,8 млн.теңгеге зиян алды.
4. Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы
№ |
Сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері |
2023ж. жоспар |
2023ж нақты |
Сапасы мен сенімділігі көрсеткіште-рінің сақталуының бағасы |
1. |
Өндірістік көрсеткіштердің жақсаруы, %, (электр энергиясын берудің көлемі) мың кВтс. |
1 038 096,35 |
1 081 949,88 |
2023 жылғы жоспарлы көлемнің 4 % ұлғайуы |
2023 жылға э/энергиясын беру көлемі э/энергиясын тұтынудың артуы есебінен жоспарға 4% артты.
2023 жылға бір күнтізбелік жылда (SAIFI) бір тұтынушыны ажырату санының орташа көрсеткіші – 2,1, рұқсат етілетін көрсеткіштен -3,7, бұл 0,57 есе төмен.
2023 жылға бір күнтізбелік жылда (SAIDI) бір тұтынушыны ажырату саны -3,6, рұқсат етілетін көрсеткіштен -3,7, бұл 0,97 есе төмен.
Осылайша, «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС үшін электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативті мәндері «Электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, ондай-ақ оларды анықтау ережелерінде рұқсат етілген нормативті мәндерден төмен.
5. Табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы
Кәсіпорынның бухгалтерлік теңгерімінің пайда мен залал туралы есебіне сәйкес 2023 жылдың қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:
- Түсім - 7550,9 млн.теңге;
- Сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны - 7599,1 млн.теңге;
- Жалпы пайда - (-48,1) млн теңге;
- Әкімшілік шығыстар - 423,8 млн.теңге;
- Басқа кірістер - 98,8 млн. теңге;
- Өзге шығыстар - 33,6 млн.теңге;
- Жылдық пайда (салықтан кейін) - (-423,4) млн.теңге.
Сатып алған электр энергиясы бойынша кредиторлық берешек құрамына «КОРЭМ» АҚ - 439,8 млн.теңге, «KEGOC» АҚ - 70,9 млн.теңге, «Электр энергиясының көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу орталығы» ЖШС - 32,0 млн.теңге және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге 425,5 млн.теңге берешек кіреді. теңге, еңбекақы мен материалдар бойынша қысқа мерзімді берешек – 108,1 млн. теңгенні құрады.
Есепті кезеңнің аяғында дебиторлық берешек -1292,6 млн.теңгені құрады. Дебиторлық берешекке «Батыс Энергоресурсы» ЖШС - 1098,0 млн.теңге, «Батыс су арнасы» ЖШС - 73,7 млн.теңге, КПО б.в. - 22,9 млн.теңге, «Kazenergy marketing» ЖШС - 20,7 млн.теңге, «Адал» ЖШС - 18,5 млн.теңге және басқа тұтынушылардан - 36,0 млн.теңге электр энергиясы транзиті және басқа да қысқа мерзімді қарыздар бойынша - 22,8 млн.теңге.
6. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы
2023 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтердің көлемі 1081,9 млн кВтсағ құрады, 2023 жылға бекітілген көлеммен салыстырғанда өнімді жеткізудің өсімі 44,0 млн кВтсағ құрады, бұл - 4%-ға өсті дегенді білдіреді.
7. Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы;
Есепті кезеңде берілген техникалық шарттардың жалпы саны – 2 613, оның ішінде жеке тұлғаларға - 1290, заңды тұлғаларға - 1024, мемлекеттік мекемелерге - 299.
Барлығы 2023 жылы есепке алу аспаптары орнатылды:
- «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-нің 36 қосалқы станциясында. - 204 - заңды тұлға -
- жеке тұлғалар -
Электр энергиясын тұтынушыларға тұрақты және сапалы жеткізу мен таратуды қамтамасыз ету, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясының коммерциялық ысыраптарын азайту мақсатында электр энергиясын есепке алудың биллингтік жүйесі жұмыс істейді, бұл жүйенің негізгі мақсаты тұтынушылардың электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін суретке түсіру және оларды ақпараттық базаға енгізу, коммерциялық ысыраптарды азайту және нақты есепке алу және сәйкесінше электр энергиясының төлемін қамтамасыз ету болып табылады. Индукциялық есептегіштерді электрондыға ауыстыру, кіріс кабельдерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қажет болған жағдайда тұтынушыларға электр энергетикасы саласындағы ережелердің талаптары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
8. Тарифтердегі ықтимал өзгерістерді қоса алғанда, қызметтің келешегі (даму жоспарлары) туралы
ҚР ҰЭМ ТМРК-нің БҚО бойынша департаментінің бұйрығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы арналған электр энергиясын беру қызметтерінің тарифі 1 кВт/сағ үшін -8,02 теңге мөлшерінде бекітілді . 2024 жылдың ақпан айында стратегиялық өнім құнының ұлғайуына байланысты «Жаңартылатын көздерді қолдаудың есеп айырысу-қаржы орталығы» АҚ тұлғасында ұсынған «Бірыңғай электр энергиясын сатып алушы» ЖШС-нен бір жылдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс (қала) бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының өзгеруімен төтенше реттеу шарасы ретінде тарифті 12,70 теңгеден 15,96 теңгеге дейін өсіруге өтінім берілді. Алайда, ТМРКД-т ЖШС және Алайда, DKREM тарифті бекіту кезінде стратегиялық өнім құнының өсуін ғана ескеріп, қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының өсіміндегі өзгерісті өзгеріссіз қалдырды.
Атауы |
2024 жыл |
2024 жыл |
өткен жылғы өзгерістер % |
Электр энергиясын беру қызметінің тарифі |
8,02 |
8,56 |
7% |