2025.10.01-нен бастап тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді РЦКУ- Орал арқылы жүргізулеріңіз қажет. Ол үшін кез келген банктің мобильді қосымшасында «Төлемдер» қойындысын таңдап, РКЦУ-Орал деп іздеп, электр энергиясы шотының нөмірін енгізіңіз. Шот нөмірі Бірыңғай төлем құжатындағы (БТҚ) нөмірімен бірдей (ол жеті саннан тұруы керек). Содан кейін «Төлеу» түймесін басыңыз.