Хабарландыру

Басып шығару

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 08 шілдедегі №121-VIII Заңының 2-бабы 4-тармағына сәйкес 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап энергиямен жабдықтау міндетін «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС жүзеге асырады.

«Электр энергетикасы туралы» Заңның 18-бабы 1-1-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушылакрдың келесі топтары бойынша энергиямен жабдықтаудың типтік шарттарын жасасады:

  1. тұрмыстық тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін типтік шарт;
  2. электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттілікке тұтынушылар үшін электрмен жабдықтаудың типтік шарты;
  3. мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларды электрмен жабдықтаудың типтік шарты.

Типтік шарттың үлгісін, осы шартқа №2 қосымшаны, электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтінішті көшіріп алу үшін келесі сілтемелерді қараңыз:

Электр энергиясын тұрмыстық қажетіне қолданатын тұтынушыларға

Электр энергиясын тұрмыстық қажетіне қолданбайтын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты

Электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш

2-Қосымша электр энергиясын тұрмыстық қажетіне қолданбайтын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына

2-Қосымша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына