Жалпы қорытынды есеп
Тақырыбы: 2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің мемлекеттік сатып алулар департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері.
Орал қ. 01.06.2025 ж.
Жиналыс төрағасы: техникалық мәселелер жөніндегі директор — бас инженер А.Б.Гайсин
Қатысқандар: қауіпсіздік қызметінің бастығы — комплаенс қызметінің қызметкері А.Д Байтинов., заңгер Свечникова Н.В., ЖжББ басшысы А.У Нұржанова., бас есепші В.В.Орленко, сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау департаментінің басшысы А.Н.Жұмағалиев, сондай-ақ департамент қызметкерлері.
Баяндамашы: А.Д. Байтинов— сәуір айында жұмыс тобы құрамында «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС мемлекеттік сатып алулар департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау нәтижесінде төмендегілер анықталды:
2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығында мемлекеттік сатып алулар жоспарының орындалуы 7,9% құрады. Жоспарда көрсетілген бірқатар лоттар бойынша сатып алулардың жариялануы бекітілген жылдық жоспардағы мерзімнен 2–3 айға кешіктірілгені анықталды.
Тексеру нәтижесінде ӨҚЖ-де (өндірістік-қаржылық жоспарда) қарастырылмаған материалдарды заңсыз сатып алу белгілері анықталды.
Түсіндірме ақпарат:
Серіктестік табиғи монополия субъектісі болып табылады және қызметін бекітілген тарифтік смета негізінде жүзеге асырады. Бекітілген тарифтік смета негізінде күнтізбелік жылға өндірістік-қаржылық жоспар (ӨҚЖ) жасалады. Сол ӨҚЖ негізінде мемлекеттік сатып алулар жоспары қалыптастырылады.
Сонымен қатар, ӨҚЖ негізінде қоғамның 2025 жылға арналған даму жоспары әзірленген, ол «БҚО Энергетика және ТКШ басқармасы» ММ тарапынан бекітіліп, мемлекеттік тізілімге енгізілген.
Тарифтік смета бойынша «Шикізат және материалдар» бабының шығындары 165,2 млн теңгені құрайды. Дәл осы сома ӨҚЖ-де және даму жоспарында әр қызмет пен АЭЖ бойынша материалдарға бөлінген. Ғимаратты күтіп-ұстауға арналған материалдарға 9 млн теңге көзделген.
Алайда, 2025 жылғы 19 ақпанда техникалық кеңес өткізіліп, онда мекеме фасадын жаңарту мақсатында «Шикізат және материалдар» бабына қосымша 25 млн теңгеге түзету енгізу туралы шешім қабылданды.
Сонымен бірге, басқарушы директор бекіткен «Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына енгізуге қажетті тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесі» бойынша жалпы сома 28,7 млн теңге болған.
Аталған тізбе жоспарлау-экономикалық бөліммен келісілмеген және ӨҚЖ-ге өзгерістер енгізілмеген. Осылайша, 2025 жылға арналған ӨЖҚ-де қарастырылмаған материалдар бойынша шарттар жасалған.
23.04.2025 ж. №385 бұйрықпен бекітілген «Көлік құралдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелердің әрекет ету нұсқаулығына» сәйкес қосалқы бөлшектерді сатып алу және көлік құралдарын жөндеу бойынша жүргізілген таңдамалы тексеру нәтижесінде ешқандай бұзушылық анықталған жоқ.
Төмендегідей ұсыныстар берілді:
1. Ауыстырылған қосалқы бөлшектерді тапсыру механизмі нақты рәсімделмеген. Жүргізуші істен шыққан қосалқы бөлшекті МТҚ қызметкеріне беру үшін «Қосалқы бөлшекті ауыстыру актісін» енгізу қажет. Бұл жауапты тұлғаларды нақты айқындауға және бөлшектерді қайтадан сатып алу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.
2. Құжаттаманы талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар бөліміне ҚР мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасының нормаларын сақтау бойынша бақылауды күшейту қажет, әсіресе төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, электроэнергетикалық нысандардағы технологиялық бұзушылықтарды жоюға қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға бөлінген қаржыны тиімді пайдалану тұрғысынан.
3. Құжаттаманы талдау нәтижесінде МТҚСБ-не ҚР мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасының нормаларын сақтау бойынша бақылауды күшейту қажет, әсіресе көлік құралдарын жөндеу және қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін бөлінген қаржыны тиімді пайдалану тұрғысынан.
Қорытынды: анықталған бұзушылықтарды назарға алып, оларды жою және болашақта мұндай фактілерге жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажет.
Қауіпсіздік қызметінің бастығы - комплаенс қызметінің қызметкері Байтинов А.Д.

