Орал қ. 29.09.2025 ж.
2025 жылғы 29 қыркүйекте «Батыс Қазақстан АЭЖК»ЖШС ұйымында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудағы мемлекеттік қызметші этикалық нормалары» тақырыбында дөңгелек үстел аясында іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты — кәсіпорын қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Іс-шараға әкімшілік-басқару персоналы және «БҚ АЭЖК» қызметкерлері қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудағы мемлекеттік қызметші этикалық нормалары» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметші этикасын сақтау мәселелері қаралды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу, нормалар мен талаптарды дұрыс қабылдау бойынша тренинг жүргізілді.
Іс-шараға қатысқан барлық қызметкерлер белсенді түрде атсалысты.
Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және дамытуға бағытталған мысалдар келтіріліп, түсіндірілді.
Қауіпсіздік қызметінің бастығы - комплаенс қызметінің қызметкері Байтинов А.Д.

