«Ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: төзбеушіліктен іс-әрекетке» тақырыбында дөңгелек үстел форматында іс-шара өткізілді.

Хаттама

Орал қаласы 13.04.2026 жыл

2026 жылғы 13 сәуірде «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-нде  «Ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: төзбеушіліктен іс-әрекетке» тақырыбында дөңгелек үстел форматында іс-шара өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-нің қызметтер мен бөлімдердің басшылары қатысты. Сөз комплаенс-офицер А.Д. Байтиновқа берілді.

Құрметті әріптестер!

Сыбайлас жемқорлық — бұл тек заң бұзушылық қана емес, ол біздің ұйымымыздың тұрақтылығына, беделіне және қаржылық әл-ауқатына төнетін қауіп.  Онымен күресу тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, сонымен қатар  әрқайсымыздың  ортақ  борышымыз.  Бүгін мен компаниямызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  тақырыбына  тоқталғым келеді.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — бұл сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін саналы түрде қабылдамауға негізделген құндылықтар, сенімдер және мінез-құлық нормаларының жүйесі. Бұл әрбір қызметкер адалдықтың тиімді екенін, ал сыбайлас жемқорлықтың жол берілмейтінін түсінетін жағдай.

2. Бұл ұйымға не үшін қажет?

Мұндай мәдениетті қалыптастыру бірнеше мақсатты көздейді:

  • Тәуекелдерді азайту: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу.
  • Бедел: серіктестер, тұтынушы және мемлекет тарапынан сенімді арттыру.
  • Тиімділік: компания ресурстарын ұтымды пайдалану.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі қағидаттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет келесі негізгі қағидаттарға негізделеді:

  • «Жоғарыдан берілетін үлгі» қағидаты (Tone at the Top): ұйым басшылығы адалдықтың және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділіктің үлгісін жеке іс-әрекеті арқылы көрсетеді.
  • Оқыту және ағарту: қызметкерлерге арналған тренингтер мен семинарларды тұрақты өткізу, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалармен таныстыру.
  • Ашықтық (транспаренттілік): бизнес-процестердің ашықтығы, шешім қабылдау тәртібін нақты регламенттеу.
  • Жауапкершілік: әрбір қызметкер этикалық нормаларды сақтау үшін жеке жауапкершілік көтереді.
  1. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай енгіземіз?

Біздің ұйымда келесі шаралар жүзеге асырылады:

  • «Әдеп кодексін» әзірлеу және сақтау: мүдделер қақтығысы, сыйлықтар беру және іскерлік қонақжайлылық жағдайларындағы мінез-құлықтың нақты ережелерін белгілеу.
  • Комплаенс-қызметтің жұмыс істеуі: заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және тәуекелдерді мониторингтеу.
  • «Жедел желі» (Hotline): қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қудалаудан қорықпай, анонимді түрде хабарлау мүмкіндігін ұсыну.
  1. Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — әрбір қызметкердің қатысуын талап ететін үздіксіз процесс. Осы мәселеге баршаңызды жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ орта қалыптастыра аламыз.

    Бұдан кейін қатысушыларға үлестірмелі материалдар таратылып, сұрақтар қоюға, пікір білдіруге және өзара ой алмасуға мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ ұйымның бас директоры Р.Н. Майранов сөз сөйледі:

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы елінің болашағына бейжай қарамай, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсінуі қажет.

Осындай бірлескен іс-шаралар арқылы кәсіпорын қызметкерлерінің патриоттық сезімі мен мәдени-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға болады.

Қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың мәнін дұрыс түсінеді, оған нөлдік төзімділік танытады, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездеспеген.

Назарларыңызға рақмет!

© 2026 ТОО "Западно-Казахстанская региональная электросетевая компания"