КҮН ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиналыс.
Орал қ. 15.06.2026 ж.
Төраға: «БҚ АЭЖК» ЖШС Бас директорының м.а. А.Б.Ғайсин
Хатшы: К.Б.Ешенов
Қатысқандар: құрылымдық бөлімшелердің басшылары.
Күн тәртібі:
Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторинг жүргізу және реттеу шаралары.
Баяндамашы: қауіпсіздік қызметінің бастығы А.Д.Байтинов
Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторинг жүргізу және реттеу шаралары.
Мүдделер қақтығысының орын алуына жол бермеу – «БҚ АЭЖК» ЖШС-нің (бұдан әрі – Серіктестік) мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Серіктестіктің барлық қызметкерлері мүдделер қақтығысы жоқ, ашық, уақтылы және барабар шешімдер қабылдауға жауапты.Мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында қызметкерлер міндетті:
- мүдделер қақтығысын немесе оның туындау ықтималдығын тудыруы мүмкін кез келген әрекеттер мен қатынастардан аулақ болуға;
- жақын туыстары басқаратын немесе оларға тиесілі заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге;
- Серіктестікке қатысты мәмілелерде, шарттарда, жобаларда немесе өзге де мәселелерде тікелей немесе жанама коммерциялық не өзге де мүдделіліктің бар екені туралы дереу хабарлауға;
- басқа ұйымдарда жұмыс істеуі немесе лауазым атқаруы, негізгі жұмыс орнын (қызметін, кәсіпкерлік қызметін және т.б.) өзгерту туралы уақтылы хабарлауға;
- мүдделілік бар мәселелерді талқылауға және дауыс беруге қатыспауға;
Ұжымдық даулар туындаған жағдайда қатысушылар оларды келіссөздер арқылы шешу жолдарын қарастырады, бұл Серіктестіктің іскерлік беделін тиімді қорғауға бағытталады. Дауларды реттеу барысында Серіктестік органдарының негізгі міндеті – заңды және негізделген, Серіктестік мүдделеріне сай шешім табу.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат назарға алынсын.
- Кадрлар бөлімі комплаенс-қызметпен бірлесіп: барлық қызметкерлерге мүдделер қақтығысының туындауы туралы хабарлау міндеті бойынша түсіндіру жұмыстарын 5 жұмыс күні ішінде жүргізсін.
- Құрылымдық бөлімше басшылары: ықтимал мүдделер қақтығысын, әсіресе сыйақы бөлу, сатып алу және персоналды басқару кезінде қатаң бақылауды қамтамасыз етсін. Анықталған жағдайда – дереу реттеу шараларын (шеттету, өкілеттікті беру) қолдансын.
- Осы хаттаманың орындалуына жауапкершілік қауіпсіздік қызметінің бастығы А.Д.Байтиновқа жүктелсін.
Төраға: «БҚ АЭЖК» ЖШС Бас директорының м.а. А.Б.Ғайсин
Хатшы: К.Б.Ешенов

