«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр энергиясын беру және тарату жөніндегі 2025 жылға арналған жылдық есебі
- Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы мәліметтер
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» (Батыс Қазақстан АЭЖК) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электр энергиясын беру және таратудың реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады. Серіктестік 2021-інші жылдың 1-ші қазанынан бастап жұмыс істеуде. 2025-інші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап электр энергиясының бөлшек саудасы қызметін қабылдаған болатын.
Қазіргі таңда Серіктестік құрамында қалалық және 17 аудандық электр тораптары бар.
2025 жылы электр энергиясын беру және тарату тарифі кезең-кезеңімен өзгертілді.
1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында тариф 1 кВт/сағ үшін қосымша құн салығын есепке алмағанда 8,42 теңгені құрады.
1 сәуір мен 9 маусым аралығында төтенше реттеу шарасы аясында тариф 1 кВт/сағ үшін 10,49 теңгеге дейін көтерілді. Бұл өзгеріс бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу құнының өсуіне байланысты болды. Бұған экономикалық қызмет бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі де әсер етті.
Инвестициялық бағдарламаға жалпы сомасы 531 миллион теңгені құрайтын жаңа шаралар қосылды. Нәтижесінде 10 маусымнан бастап тариф 1 кВт/сағ үшін 11,31 теңгені құрады. Бұл өзгерістер қызмет көрсету сапасын сақтау және ағымдағы экономикалық жағдайларға сәйкес болу үшін қажет болды.
2024 жылға арналған тарифтік сметаны орындау нәтижесінде 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап уақытша өтемдік тариф енгізілді.
Яғни, тариф 1 кВт/сағ үшін 11,30 теңгеге дейін төмендеді. Тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу сомасы 13 млн. теңгені құрады. Бүгінгі күнге тариф арқылы бұдан 7,2 млн. теңге тұтынушыларға қайтарылды.
Серіктестіктің баланстық үлесіне мыналар кіреді:
- 21 054 км электр желілері
- 158 қосалқы станциялары
- 3 105 трансформаторлық пунктілер.
01.01.2026 жылғы есепке сәйкес кәсіпорын бойынша орташа тозу 75,43 пайызды құрайды. Оның ішінде қосалқы станциялар, комплекттік трансформаторлық қосалқы станциялар, тарату пункті, трансформаторлық қосалқы станциялар – 89,98 пайыз және электр беру желілерінің орташа тозуы – 71, 79 пайызды құрайды.
Жоғарыда аталған электр желілеріне қызмет көрсету үшін стандартқа сай 2152 қызметкер қажет. Алайда тарифте 1454 қызметкер ғана белгіленген. Есепті жылдағы нақты қызметкерлер саны тарифпен қаралған жұмысшылар санынан асып түсті. Бұл компанияның жұмыс көлемін арттырып, экономикалық белсенділікке әсер етті. Осылайша, 2025 жылдың соңына қарай жұмысшылар саны 1552-ге жетті.
- Инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды, оның ішінде уәкілетті орган бекіткендерін іске асыру.
2025 жылға инвестициялық бағдарлама 4,5 млрд теңгеге бекітілді. Оның ішінде жеке қаражат есебінен 1,1 млрд теңге және бюджет қаражаты есебінен 3,4 млрд теңге бар.
Жыл басынан бері келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
- электр беру желілерін қайта жаңарту үшін Орал қаласында және Батыс Қазақстан облысында 35 және 110 кВ электр желілеріндегі аралық және зәкірлік тіректер ауыстырылды;
- қосалқы станцияны жаңғырту, атап айтқанда, майлы ажыратқыштарды автоматты ажыратқыштармен және вакуумдық қайта жабу құрылғыларымен ауыстыру;
- радиорелейлік станция орнатылды;
- есепке алудың автоматтандырылған жүйелері енгізілді.
«Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы бойынша келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
- Орал қаласындағы 0,4 кВ кабельдік желілерді қайта құру;
- 35/10 кВ «Жанама» және «Покатиловка» қосалқы станцияларын қайта құру.
Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала, Бөрлі, Шыңғырлау, Бөкейорда аудандарында және Орал қаласында Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3,4 млрд. теңге сомасында 0.4 кВ, 110 кВ әуе электр желілері мен 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станцияларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың соңына қарай инвестициялық бағдарлама 100 пайызға орындалды. Жөндеу қоры 455,0 млн.теңгеге бекітілді, нақты орындалғаны 564,0 млн. теңгені құрайды.
- Бекітілген тарифтің бап бойынша орындалуы туралы
Қызмет көрсетуге байланысты реттелетін іс-шараларға жалпы шығыстар 12,2 млрд теңгені құраса, нақты шығындар 14,1 млрд теңгені құрады.
Негізгі қызметтер бойынша шығын -1,9 млрд теңгені құрады.
Кәсіпорынның нақты шығындарының өсуінің негізгі себептері мыналар болып табылады:
- Өндірістік персонал санының артуына байланысты «Еңбек шығындары» 489 миллион теңгеге асып түсті. Бұл қала халқының жыл сайынғы өсуіне және инфрақұрылымының кеңеюіне байланысты. Яғни, бұл қызмет көрсетілетін абоненттер санын арттырады. Сонымен қатар, Зашаған кентіндегі «Бірлік» электр станциясы мен қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі «Жұлдыз» қосалқы стансасы іске қосылды. Жарғылық капиталды толықтыру үшін арнайы құрал-жабдықтар да сатып алынды. Бұл кәсіпорынның нақты штат санына әсер етті. Өйткені қосымша өндірістік персонал қосуға тура келді.
- Шаруашылық қажеттіліктер мен нормативтік-техникалық шығындарды өтеуге қажет электр энергиясын сатып алуға арналған шығындардың артуы. Мәселен, бірыңғай сатып алушының нақты бағасы ай сайын артып отырады, бұл компанияға шығын әкеледі. Электр энергиясының нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның тарифінде бекітілген баға арасындағы айырмадан туындаған есепті жылдағы шығын 1,6 млрд теңгені құрады.
- Сондай-ақ 98,7 млн.теңге сомасына «Ұлттық желіні пайдалану бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шығыстар», «Шикізат және материалдар» және «Жанар-жағармай» бабы бойынша 115,1 млн.теңге, «Іс-сапар шығыстары» 40,3 млн.теңге және 13 млн.теңгеден астам басқа баптар қосылды.
Артық шығындар тарифтік сметаның 2024 жылдан 2028 жылға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге бекітілгеніне байланысты болып отыр. Бірақ қызметтер мен материалдардың құны, сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш (АЕК) жыл сайын өсіп, шығындардың өсуіне әкелуде. Өңірдегі ресми инфляция -11,5% болса, бекітілген тарифте жыл сайын -5% өсім ғана қарастырылған.
- Реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы
|
№ |
Сенімділік және сапа көрсеткіштері
|
2025 жылғы жоспар |
2025 жылғы нақты көрсеткіш |
Сенімділік пен сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін бағалау |
|
1. |
Өндіріс көрсеткіштерінің жақсаруы, %, (электр энергиясын тасымалдау көлемі) млрд кВт/сағ. |
1,111 |
1,170 |
2025 жылға жоспарланған көлемдерден 5%-ға өсу. |
2025 жылы электр энергиясын жеткізу көлемі жоспарланған көрсеткіштен 5%-ға өсті. Бұл электр энергиясын тұтынудың артуына байланысты болды.
Бір тұтынушыға (SAIFI) 2025 жылға арналған орташа жылдық үзіліс нормасы - 3,7 болса, нақты -2,3 құрайды.
Бір тұтынушыға (SAIDI) 2025 жылға арналған орташа жылдық үзіліс деңгейі -3,7 болса, нақтысы -3,5 құрайды.
Осылайша, серіктестік үшін электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативті мәндері Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы, сондай-ақ оларды анықтау қағидаларында белгіленген рұқсат етілген нормативті мәндерден төмен.
- Тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу бекітілмеген.
- Табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрмен жабдықтау функциялары энергия тасымалдаушы ұйымдарға берілді, яғни қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан РЭК» ЖШС кепілдік берілген жеткізуші болып табылады.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №111 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 5-2 тармағы негізінде «Батыс Энергоресурсы» ЖШС мен «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС арасында құқықтарды басқаға беру және міндеттемелерді беру туралы түпкілікті келісім жасалды.
Бұл келісімнің шеңберінде:
- «Батыс Қазақстан АЭЖК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген кредиторлық берешек 5 220,6 млн.теңгені құрады. Оның 2 424 млн.теңгесі мерзімі өткен берешектер;
- «Батыс Қазақстан АЭЖК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аударылған дебиторлық берешек – 3 201 млн теңге;
- Сондай-ақ, 202,3 млн теңге тұтынушылық қарыздар да серіктестікке берілген болатын.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының бөлшек сауда қызметтерін сатудың орташа тарифі бұрын бекітілген «Батыс Энергоресурсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарифі бойынша жүзеге асырылды. Яғни тариф 1 кВт/сағ үшін 28,16 теңгені құрады.
2025 жылғы 5 тамыздан бастап орташа сату тарифі қайта қаралды және 1 кВт/сағ үшін 15,5%-ға 32,52 теңгеге дейін өсті.
Компанияның қаржылық есебіне сәйкес 2025 жылға арналған көрсеткіштер:
- Электр энергиясын бөлшек сатудан түскен кіріс: 31,9 млрд теңге;
- Сатылған тауарлар мен қызметтердің құны: 35,3 млрд теңге;
- Әкімшілік шығыстар: 547 млн теңге;
- Басқа кірістер: 287 млн теңге;
- Өзге шығыстар: 696 млн теңге;
- Шығын: 5,3 млрд теңге.
Есепті кезеңнің аяғында кредиторлық берешек 11,2 млрд теңгені құрады.
Кредиторлық берешек «РФЦ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдындағы 9,9 млрд теңге қарызды, 517 млн теңге «Kegoc» АҚ алдындағы ағымдағы кредиторлық берешекті және 783 млн теңгені басқа тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерге кредиторлық берешекті қамтиды.
Есепті кезеңнің аяғында дебиторлық берешек - 4,1 млрд теңгені құрады. Дебиторлық берешекке тұтынушылардың мерзімі өткен кредиторлық берешегі мен жалпы сомасы 3,9 млн теңгені құрайтын электрмен жабдықтау қызметтері үшін ағымдағы төлемдер, сондай-ақ 233 млн теңге сомасында электр энергиясының транзиті үшін ағымдағы төлемдер кіреді.
- Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы
2025 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын беру және бөлу бойынша қызметтердің көлемі -1,2 млрд кВтсағ құрады. 2025 жылға бекітілген көлеммен салыстырғанда пайдалы жеткізудің өсімі -58,0 млн кВтсағ құрады, яғни 5% пайызға өсті.
- Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілген жұмыс туралы;
Есепті кезеңде берілген техникалық шарттардың жалпы саны 3402, оның ішінде жеке тұлғаларға – 2126, заңды тұлғаларға – 1057, мемалекеттік мекемелерге – 219.
Аймақтағы жалпы есепке алу құралдары:
- Серіктестіктің қосалқы станцияларында – 1 660
- заңды тұлғалар бойынша – 21 618
- жеке тұлғалар бойынша – 232 176
Электр энергиясын тұтынушыларға тұрақты және сапалы тасымалдау мен бөлуді қамтамасыз ету, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясының коммерциялық ысыраптарын азайту үшін электр энергиясын есепке алу-есеп айырысу жүйесі енгізілген.
Бұл жүйенің негізгі мақсаты – тұтынушылардың электр есептегіш құралдарының көрсеткіштерін фотосуретке түсіріп, оларды деректер базасына енгізу, коммерциялық ысыраптарды азайту мен дәл есептеуді қамтамасыз ету және сәйкесінше электр энергиясын төлеу.
Индукциялық есептегіштерді электрондыға және кіріс кабельдерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қажет болған жағдайда тұтынушыларды электр энергиясы ережелері бойынша оқыту қолға алынуда.
- Тарифтердегі ықтимал өзгерістерді қоса алғанда, іс-шаралардың перспективалары (даму жоспарлары) туралы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Энергетика және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бұйрығымен 2026 жылға арналған электр энергиясын жеткізу қызметтерінің тарифі 1 кВт/сағ үшін -10,75 теңге мөлшерінде бекітілген.
Қазіргі уақытта уәкілетті орган тарифтерді көтеру туралы өтінішті қарауда, бұл мына себептерге байланысты:
- мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы тартылған қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландырумен жалпы сомасы 10 млрд.теңгеге Ұлттық жобаны іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаға түзетулер енгізілді;
- Нормативтік-техникалық ысыраптарды өтеу үшін электр энергиясын Бірыңғай сатып алушының тарифін 33 пайызғаға арттыру (қосымша құн салығын есепке алмағанда 1 кВтсағ үшін 24,68 теңгеден 32,86 теңгеге дейін артуы);
- Бірыңғай электр энергиясын сатып алушының қызметтеріне бекітілген және нақты шығындар арасындағы айырмадан туындайтын жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрайтын 2025 жылға және 2026 жылдың бірінші тоқсанына расталған шығындарды қосу;
- аймақтағы орташа айлық жалақының өзгеруі және өндірістік персонал санының артуы.

